Қадірлі ата -аналар мен әріптестер!

Сіздерді халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып,
көктемнің шырайлы мерекесі, береке мен бірліктің символы – Әз Наурызбеншын жүректен құттықтаймын!

Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады.

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Бұл күнде адамдар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, мейірім мен жылулық сыйлайды. Ортақ шаңырағымыз – №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін метебіміз әрдайым өркендеп, әр шаңыраққа бақ-береке, құт-несібе әкелсін!

Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!
Ізгі ниетпен,
ДЖАМАТОВ НОДИРБЕК МИРХАШИМОВИЧ