Школа №113
Телефоны приемной:
+7 (7252) 26–11–27 Хатшы
+7 (7252) 26-11-69 Психолог
Версия для
слабовидящих
09
январь
2024

Мектеп тарихы

№113 Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін орта мектептің тарихы

1923–1924 жылдары Сайрам ауылындағы Сайрамсу өзенінің жағасында халық арасында «Ақ мектеп» деп аталып кеткен сауатсыздықты жою мектебі ашылды.

Кейінірек мектеп Н.К. Крупская атындағы бастауыш мектеп болып өзгертіліп, басқа ғимаратқа көшірілді, оның орнында қазір Әл-Фараби атындағы №113 орта мектеп орналасқан. Сайрам ауылының түкпір-түкпірінен келген балалар осы бастауыш мектепте білім ала бастады.

1931–1932 оқу жылында Крупская атындағы оқу орны жеті жылдық мектепке айналды.

1933–1934 оқу жылында Крупская атындағы жетіжылдық мектепті алғашқы 30 оқушы бітірді. Мектепте жыл сайын оқушылар саны артып отырды.

1935–1936 оқу жылында жетіжылдық Крупская атындағы мектеп орта мектепке айналды. Осы жылы мектепке Одақтың көрнекті саяси қайраткері М.И. Калининнің туғанына 60 жыл толуына орай оның есімі берілді.

1936–1937 жылдары мектепте 1–8 сыныптарда екі жүзден астам оқушы оқыды. Бұл аудандағы жалғыз орта мектеп болғандықтан, әр ауылдан балалар келіп, мектеп жанындағы интернатта тұрып білім алды.

Орта мектепті 1939 жылы бітірген алғашқы 14 оқушы орта білім туралы аттестат алды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында соғыс аймақтарынан эвакуацияланған өзге ұлт өкілдерінің жетім балалары үшін 5, 6, 7 сыныптарда орыс сыныптары ашылды. Бірақ соғыстың кесірінен мектепте оқу толық жалғаспай қалды. Ал келесі оқушылар мектепті тек 1947 жылы бітіріп шықты.

Мектепті 1947 жылы 13 оқушы, 1948 жылы 20, ал 1955 жылы 122 оқушы бітірді.

Ауыл халқының жыл сайын көбеюі мектептегі бала санын одан әрі арттыра түсті. 1955–1956 оқу жылында тек бітіруші сыныптар саны сегізге жетті.

1957 жылы орта мектептен Калининнің аты алынып, оған Кеңес Одағының қолбасшысы болған М.В. Фрунзенің аты берілді және №4 Фрунзе атындағы орта мектеп деп аталды.

1970–1972 жылдары ескі мектептің орнына 640 орындық жаңа типтік ғимарат салынды.

Мектеп жанындағы мектеп-интернат 1989 жылға дейін қызметін жалғастырып, Сайрам ауданындағы 9 жылдық мектепті бітіріп, 10 жылдық орта білім алғысы келген балаларды оқытты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін 1994 жылы мектепке Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби есімі беріліп, №4 Әл-Фараби атындағы орта мектеп болып аталды.

2007 жылы мектеп алаңында 150 орындық қосымша екі қабатты типтік ғимарат салынды.

2014 жылы Сайрам ауылының Шымкент қаласына қосылуына байланысты мектеп №113 Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін орта мектеп болып аталды.

Қазіргі таңда №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 120 мұғалім 1163 оқушыға білім беруде.


История общеобразовательной средней школы 

№113 имени Аль-Фараби

В 1923–1924 годах на берегу речки Сайрамсу в селе Сайрам была основана школа по ликвидации безграмотности среди населения, получившая в народе название «Белая школа».

Позднее школа была преобразована в начальную школу имени Н.К. Крупской и переехала в другое здание, на месте которого сейчас находится ОСШ №113 имени Аль-Фараби. В этой начальной школе начали получать образование дети всего села Сайрам.

В 1931–1932 учебном году учебное заведение имени Крупской было преобразовано в семилетнюю школу.

В 1933–1934 учебном году состоялся первый выпуск 30 учеников семилетней школы имени Крупской. Число выпускников увеличивалось с каждым годом.

В 1935–1936 учебном году школа имени Крупской была преобразована в среднюю школу. В этом году школе было присвоено имя видного политического деятеля Союза М.И. Калинина в честь его 60-летия.

В 1936–1937 годах в 1–8 классах школы обучалось более двухсот учеников. Поскольку это была единственная средняя школа в районе, дети из разных деревень приезжали учиться и жили в интернате рядом со школой.

Первый выпуск средней школы состоялся в 1939 году, и аттестат о среднем образовании получили 14 учеников.

В годы Великой Отечественной войны в 5, 6 и 7 классах были открыты русские классы для детей-сирот других национальностей, эвакуированных из зон боевых действий. Но из-за войны полноценная учеба была прервана, и следующий выпуск состоялся только в 1947 году.

В 1947 году школу окончили 13 учеников, в 1948 году — 20, а в 1955 году среднюю школу окончили уже 122 ученика.

Ежегодный прирост сельского населения еще больше увеличил число учащихся в школе. В 1955–1956 учебном году количество выпускных классов достигло 8.

В 1957 году имя Калинина было заменено именем М.В.Фрунзе — видного полководца Советского Союза и стала называться - средняя школа №4 имени Фрунзе.

В 1970–1971 годах на месте старой школы было построено новое здание на 640 мест.

Интернат при школе продолжал свою деятельность до 1989 года, в нем обучались дети, окончившие 9-летние школы Сайрамского района и желавшие получить 10-летнее среднее образование.

После провозглашения независимости Республики Казахстан в 1994 году школе было присвоено имя великого мыслителя Востока Абу Насра аль-Фараби, и она стала называться средней школой №4 имени Аль-Фараби.

В 2007 году на территории школы было построено дополнительное двухэтажное здание на 150 мест.

В 2014 году, в связи с присоединением села Сайрам к городу Шымкент, школа стала называться общеобразовательной средней школой № 113 имени Аль-Фараби.

В настоящее время в средней школе № 113 имени Аль-Фараби работают 120 учителей, обучающих 1163 учащихся.

Похожие публикации:

17 октябрь 2019 Сводный
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив