30
апрель
2025
«Ана-өмір шуағы»
№113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары басшылығында және 8-“Д” сынып жетекшісі Л.Толаметованың ұйымдастыруымен 2025 жыл 5 наурыз күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында «Ана-өмір шуағы» тақырыбында 8 наурыз мерекесіне орай ашық тәрбие сағаты болып өтті.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.



