16
февраль
2024
«Ауған соғысының жаңғырығы» атты мерекелік кеш.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы: "ҰРПАҚҚА АМАНАТ" жобасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары басшылығымен 9-«А» сынып жетекшісі З.К.Толаметованың ұйымдастыруымен 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылған күнге арнап «Ауған соғысының жаңғырығы» тақырыбында мектеп оқушыларымен мерекелік кеш өтті. Қазақстан қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір ер азаматтың аса маңызды әрі құрметті міндеттерінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету- Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.






