16
март
2026
16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
№113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектепте “Наурызнама” онкүндігі іс-шаралар жоспарына сай 2026 жыл 16 наурыз күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Р.О.Эгамбердиев, Б.Б.Базарбаевтардың басшылығында және қазақ тілі мен әдебиеті пәні ӘБ жетекшісі Л.Т.Досметова, аға тәлімгерлер Н.М.Юлдашова, З.А.Турсинметовалардың ұйымдастыруымен 16 наурыз - “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” күні іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: мәдениет және ұлттық салт-дәстүр арқылы оқушылардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды ұлттық рухпен тәрбиелеу үшін халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жалғастырудың маңыздылығын ұғындыру. Ұлттық сана мен рухты қалыптастыру.