23
февраль
2026
“Мейірімділікпен өмір сүру ”
№113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектептің педагог-психологі Ойдин Джуманова 2026 жыл 23 ақпан күні “ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫНЫҢ» жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларымен “Мейірімділікпен өмір сүру ” психологиялық тренинг өткізді
Тренингтің мақсаты:
– Оқушылардың психологиялық саулығын нығайту;
– Бір-біріне деген мейірімділік, қамқорлық және сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру;
– Жағымды эмоциялық көңіл-күй орнату;
– Өз ойын ашық айтуға, жылы сөздер арқылы қолдау көрсетуге үйрету;
– Ұжымда достық, сенім және қолдау атмосферасын қалыптастыру.
Тренинг барысында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, жақсы тілектер білдіріп, жағымды көңіл-күй сыйлады. Нәтижесінде балалардың өзара қарым-қатынасы нығайып, сыныпта достық пен бірлік ахуалы арта түсті.