11
февраль
2026
«Қазақ поэзиясының алыбы, ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектепте "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.О.Эгамбердиевтің басшылығында және қазақ тілі ӘБ жетекшісі Л.Т.Досметованың ұйымдастыруымен 2026 жыл 6 ақпан күні «Қазақ поэзиясының алыбы, ақын,ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқушылардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, сөз өнерін қадірлеуге баулу