28
апрель
2025
“Заң-Оқушы-Заман”
№ 113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.С.Эргашов және Р.О.Эгамбердиевтардың басшылығында “Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, оның ішінде зорлау сипатындағы қылмыстардың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез- құлықтың, әлімжеттіліктің, құмар ойындарын алдын алу, оқушылар арасында ақша жинаудың алдын алу мақсатында “Заң-Оқушы-Заман” ұраны аясында Мектеп инспекторы Х.Х.Манабаевпен бірге 5-11 сыныптардың оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету. Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау


