Школа №113
Телефоны приемной:
+7 (7252) 26–11–27 Хатшы
+7 (7252) 26-11-69 Психолог
Версия для
слабовидящих
«Халықаралық кітап сыйлау күні»
16
февраль
2024
«Халықаралық кітап сыйлау күні»
Кітапханашылар өздерінің “Оқуға құштар” жылдық жоспарына сай 14- ақпан «Халықаралық кітап сыйлау күні»,  «Кітап бағалы сыйлық» акциясы ұйымдастырылып 5-«Г» сынып оқушылары тарапынан мектеп кітапханасына қызықты кітаптар сыйлыққа берілді. Бұл акцияның басты мақсаты- адамдардың бір-біріне жақсы кітаптар сыйлауға шабыттандыру және қағаз кітабы өзекті сыйлық болып қала беретінін және құндылығын жоғалтпайтынын көрсету.
Мен-Отан қорғаушымын!
16
февраль
2024
Мен-Отан қорғаушымын!
Біртұтас тәрбие бағдарламасы «ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ» жобасы аясында мектеп Аға тәлімгері Г.И.Ниязова ұйымдастыруымен «Мен – Отан қорғаушымын!» атты әскери қызметкерлер мен мектеп оқушыларының кездесу кеші өткізілді.  Қазақстан қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір ер азаматтың аса маңызды әрі құрметті міндеттерінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету- Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.
«Ауған соғысының жаңғырығы» атты мерекелік кеш.
16
февраль
2024
«Ауған соғысының жаңғырығы» атты мерекелік кеш.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы: "ҰРПАҚҚА АМАНАТ" жобасы аясында Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары басшылығымен 9-«А» сынып жетекшісі З.К.Толаметованың ұйымдастыруымен 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылған күнге арнап «Ауған соғысының жаңғырығы» тақырыбында  мектеп оқушыларымен мерекелік кеш  өтті.  Қазақстан қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір ер
🎊 Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!! 🎊
19
январь
2024
🎊 Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!! 🎊
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы 2023-2024 оқу жылының І жарты жылдығында  kundelik.kz электрондық журналын жүргізу кезінде белсенді қатысқаны және үздік нәтижелері үшін «Күнделік (Кundelik)» ЖШС бас директоры М.М.Ілиясовтың алғыс хатымен марапатталды. Мектебіміздің жетістіктері өз жалғасын таба берсін!
Мектеп тарихы
09
январь
2024
Мектеп тарихы
№113 Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін орта мектептің тарихы 1923–1924 жылдары Сайрам ауылындағы Сайрамсу өзенінің жағасында халық арасында «Ақ мектеп» деп аталып кеткен сауатсыздықты жою мектебі ашылды. Кейінірек мектеп Н.К. Крупская атындағы бастауыш мектеп болып өзгертіліп, басқа ғимаратқа көшірілді, оның орнында қазір Әл-Фараби атындағы №113 орта мектеп орналасқан. Сайрам ауылының түкпір-түкпірінен келген балалар осы бастауыш мектепте білім ала бастады. 1931–1932 оқу жылында Крупская